Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

02.11.2022

Ішкі аудит департаментінің ақпараттық технологиялар/ ақпараттық қауіпсіздік аудиті жөніндегі басқарма бастығы

БОС ОРЫНДАР АТАУЫ
Ішкі аудит департаментінің ақпараттық технологиялар/ ақпараттық қауіпсіздік аудиті жөніндегі басқарма бастығы

Қызметтік / желілік бағыну АТ/АҚАБ бастығы Банктің ІАД Директорына, Аудит жөніндегі комитетке және Банктің Директорлар Кеңесіне тікелей бағынады

Қызметтік міндеттері АТ/АҚАБ бастығы мынадай міндеттерді орындайды:
1) АТ/АҚАБ  қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
2) АТ/АҚАБ жұмысын ұйымдастыруды және ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін  БҮАБ-мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; 
3) АТ/АҚАБ қызметі аясында оның мақсаттарына қол жеткізу үшін ІАД міндеттері мен функцияларының өзектілігін ұдайы бағалауға қатысу;
4) ішкі аудит мәселелерін реттейтін Банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды кезеңділікпен жаңартып отыру; 
5) ІАД қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген (ұсынылған) бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдану;
6) АТ/АҚАБ қызметкерлерінің ІАКТХН-ны сақтауын қамтамасыз ету; 
7) АТ/АҚАБ жұмысында құпиялылық пен жасырындылықтың тиісті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету; 
8) АТ/АҚАБ және жалпы ІАД қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және ІАД директорының қарастыруына оларды басқару бойынша ұсыныстар беру;  
9) Бизнес үрдістерді алдын ала талдаумен және Банк тәуекелдерін, оның ішінде алаяқтық тәуекелдерын, шешуші тәуекелдерді және де ақпараттық технологиялармен байланысқан аұылау процедураларын бағалаумен, сондай-ақ ішкі аудитті жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес Холдингтің Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Холдингтің ІАҚ) ұсыныстарын ескере отырып, ІАД қызметін жоспарлауға қатысу және ІАД-ның жылдық аудиторлық жоспарын орындауға қатысу; 
10) АТ/АҚАБ аудиторлық тапсырмалары аясында аудиторлық тапсырмалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
11) ішкі аудитті жүргізу тәртібімен және ІАД туралы ережеге сәйкес Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-үрдістердің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитінің жүзеге асырылуына қатысу, үйлестіру және бақылау; 
12) ішкі аудит қорытындылары бойынша есеп (анықтама) дайындау үшін жиынтық ақпаратты сараптау; 
13) күмәнді мәмілелер туралы, сондай-ақ тонау мен асыра пайдалану салдарынан Банкке шығын келтірілген жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттарды сараптау;  
14) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеу, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсету, негіздемелі ұсынымдар әзірлеу; 
15) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; 
16) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу; 
17) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ, басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу;  
18) ішкі аудиторлық тапсырмалардың нәтижелерін,  ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсыныстардың, талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелерін, сондай-ақ Холдингтің ІАҚ басқа қадағалау органдары тарапынан тексерулер нәтижелерін ұсыну;
19) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне беру үшін ақпараттар, есептер дайындау; 
20) АТ/АҚАБ қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштері карталарын сапалы және уақтылы дайындауды және ІАД директорына беруді қамтамасыз ету;  
21) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін жауапкершілікті ІАД-ның алуын жоққа шығаратын АТ/АҚ саласындағы, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
22) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу; 
23) өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді пайдалану үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, соның ішінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу және ішкі рәсімдер мен Банк құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар беру; 
24) АТ/АҚАБ қызметкерлерін кәсіби оқыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;
25) ІАД қызметін сипаттауға қатысты әдістемелік сипаттағы ішкі құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу және оларды іс жүзінде ІАД қызметіне енгізу;  
26) сауалнамаларды, аудит тестілерін, аудит жүргізуге арналған басқа да материалдарды, сондай-ақ қызметтік міндеттерді іске асыру барысында Басқарма қызметін сипаттайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;  
27) ІАД директорының тапсырмасы бойынша лауазымдық міндеттерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Қол астындағылардың саны 2

Іс-сапар (жұмыс уақытының  %-ы) 10 %

Сынақ мерзімі 2 ай

Бұл орын қанша уақыттан бері бос тұр 03.05.2022ж. бастап

Бос орынның пайда болу себебі
- Жаңа орын
- Уақытша орын
- Қызметкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығуы
- ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару
- Қызметкердің ____________ орынға ауысуы
- Басқа 
 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Білімі Ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында, және/немесе жоғары техникалық, және/немесе жоғары математикалық жоғары білімінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі Ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік саласында,  және/немесе ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік аудиті саласында  үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы. 

Арнайы білімі мен дағдылары
- ІАКТХН, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және  ішкі бақылау негіздерін, және/немесе АТ/АҚ басқарудың халықаралық стандарттарын COBIT (Control Objectives for Information and related Technology) /ISO/IEC (Information security management systems) білуі;
- Банктік қызметті реттейтін Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;
- Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және/немесе есеп және қаржылық менеджмент және/немесе АТ/АҚ, немесе ең аз дегенде IAP (Internal Audit Practitioner) саласында кәсіби сертификаттың және/немесе біліктіліктің болуы.

Тілдерді білуі
- Орыс тілі - еркін
- Қазақ тілі, ағылшын тілі- артықшылық беріледі

Компьютерлік дағдылары
- Жалғастырушы деңгейінде
- Word, Excel
- E-mail
- Internet
- Colvir
- BPM және т.б. программалар      

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері baidauletova.a@otbasybank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар