Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

02.11.2022

Ішкі аудит департаменті директоры

БОС ОРЫНДАР АТАУЫ
Ішкі аудит департаменті директоры

Қызметтік / желілік бағыну ІАД Директоры Аудит жөніндегі комитетке және Банктің Директорлар Кеңесіне тікелей бағынады

Қызметтік міндеттері ІАД Директоры төмендегі міндеттерді орындайды:
1) ІАД қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) ІАД жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындауды қамтамасыз ету; 
3) ішкі аудит және/немесе ІАД қызметі мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді, сондай-ақ оларды кезеңділікпен талдап және жаңартып отыруды қамтамасыз ету; 
4) мақсаттарға қол жеткізу үшін ІАД тапсырмалары мен міндеттерінің өзектілігіне кезеңді бағалау жүргізуді жүзеге асыру;
5) ІАД қызметіне тән тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
6) ІАД қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;
7) ІАКТХН сақталуын қамтамасыз ету;
8) ІАД жұмысында құпиялылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; 
9) ішкі аудит жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес ІАД қызметін жоспарлау және ІАД аудиторлық жоспарды орындауына бақылау жасау; 
10) ішкі аудитті жүргізу тәртібімен және ІАД туралы ережеге сәйкес Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-үрдістердің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитінің жүзеге асырылуын ұйымдастыру, қатысу және бақылау; 
11) ІАД жұмыс көлемін және аудиторлық тапсырмаларға қатысатын және оларға жауапты қызметкерлерді белгілеу; 
12) аудиторлық тапсырмалар әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
13) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеуді, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсетуді, негіздемелі ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етуге бақылау жасау; 
14) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; 
15) аудиторлық тапсырмаларды ұйымдастыру,  жүргізу және олардың қорытындыларына байланысты мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және Банк Басқармасымен өзара әрекеттесу; 
16) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу; 
17) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу;   
18) Аудит жөніндегі комитетке, Банктің Директорлар кеңесіне есептер мен өзге ақпаратты беруді қамтамасыз ету; 
19) мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау, сондай-ақ жұмыскерлердің жұмыс тәжірибесімен алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ІАД қызметкерлері міндеттерінің мақсатқа сәйкестігіне орай ротация жүргізу;  
20) ІАД қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарылату бойынша шаралар қабылдау; 
21) ІАД қызметінің тиімділігіне ішкі және сыртқы бағалау жүргізуді қамтамасыз ету; 
22) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесінің мүшелерімен, сыртқы аудиторлармен кеңес беру, талқылау жиындарын жүргізу, сондай-ақ ІАД құзырына кіретін мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің және/немесе Аудит жөніндегі комитет отырыстарын шақыру туралы бастама көтеру; 
23) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне ІАД сандық құрамын, ІАД қызметкерлерінің өкілеттік мерзімдерін белгілеу және тағайындау/ауыстыру, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату,  ІАД жұмыс тәртібі мен талаптары, ІАД қызметкерлерінің еңбекақы мөлшері мен төлем жүргізу, сыйлықақы төлеу талаптары, ІАД ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша ұсыныстар беру;  
24) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАД жауапкершілік алуын жоққа шығаратын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
25) ІАД құзыры шегінде олар бойынша тиісті түсініктемелер дайындай отырып, заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттары мен басқа да өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету; 
26) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу; 
27) жаңа өнімдерді немесе қызметтерді енгізу және онымен байланысты Банктің қосымша тәуекелдерін бағалау туралы мәселелерді талқылауға қатысу; 
28) ішкі аудит мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені,  сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу арқылы біліктілікті арттыру;
29) ІАД құзырына кіретін барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау және Аудит жөніндегі комитет және/немесе Банктің Директорлар кеңесі ІАД жүктеген басқа да міндеттерді орындау;
30)  ІАД қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды қамтитын Банктің ішкі құжаттарымен танысуын қамтамасыз ету; 
31) ІАД-да ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қол астындағылардың саны 12

Іс-сапар (жұмыс уақытының  %-ы) 10 %

Сынақ мерзімі 2 ай

Бос орынның пайда болу себебі
- Жаңа орын
- Уақытша орын
- Қызметкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығуы
- ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару
- Қызметкердің ____________ орынға ауысуы
- Басқа 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Білімі Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқық саласында кәсіби жоғары білімінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі (Ішкі) Аудит, және/немесе бақылау, және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі –бес жылдан кем емес, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері және/немесе лицензияланған қаржы ұйымдары  болып табылатын ұйымдарда, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы немесе қадағалаушы органдарында – екі жылдан кем емес. Бақылау немесе қаржы саласындағы басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі – бес жылдан кем емес. 

Арнайы білімі мен дағдылары
- ІАКТХН-ны, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, корпоративтік басқару негіздерін, тәуекелдерді басқару және  ішкі бақылау негіздерін білуі;
- Банктік қызметті реттейтін Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік, индустриалды-инновациялық қызмет және қаржы мәселелері бойынша;
- Ішкі аудиторлар институтының келесі сертификаттарының бірін: CIA (Certified Internal Auditor); QIAL (Qualification in Internal Audit Leadership), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CGAP (Certified Government Auditing Professional), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе мемлекеттік аудитордың біліктілігін, немесе кем дегенде, IAP (Internal Audit Practitioner) немесе DipCPIA (Сертификатталған қаржы менеджерлері институты шығарған (Ұлыбритания). Осы тұста, CIA (Certified Internal Auditor) сертификаты бар үміткер артықшылыққа ие болады.

Тілдерді білуі
Орыс тілі - еркін
Қазақ тілі, ағылшын тілі- артықшылық беріледі

Компьютерлік дағдылары
- Жалғастырушы деңгейінде
- Word, Excel
- E-mail
- Internet
- Colvir
- BPM және т.б. программалар   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері baidauletova.a@otbasybank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
  

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар