Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы

Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы

Ауыл шаруашылығы активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директор

Мұрат Аманкелдіұлы 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2021 жылдың наурыз айында «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Ауыл шаруашылығы активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.

М.Дәрібаев еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының экономисті, ғылыми қызметкер, маркетинг бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымынан бастаған. 

2000 жылдың қаңтар айынан 2002 жылдың қараша айы аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы/сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылдың қараша айынан 2003 жылдың шілде айына дейін - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің шағын және орта бизнесті қолдау комитеті төрағасының орынбасары.

2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың ақпан айына дейін - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Көлік және телекоммуникация секторларын реттеу департаментінің директоры.

2004 жылдың маусым айынан 2005 жылдың сәуір айына дейін - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің аппарат басшысы, кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.

2005 жылдың сәуір айынан 2006 жылдың қараша айы аралығында - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы.

2006 жылдың қараша айынан 2007 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бүркіт»  мемлекеттік авиакомпаниясы»  РМК директорының бірінші орынбасары.

2007 жылдың қараша айынан 2008 жылдың наурыз айына дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың қазан айына дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.

2009 жылдың қазан айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2012 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін – Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

2015 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың шілде айына дейін – «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

2017 жылдың шілде айынан 2018 жылдың қыркүйек айына дейін – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында - «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ аппаратының басшысы.

2019 жылдың сәуір айы мен тамыз айы аралығында - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

2020 жылдың тамыз айынан ақпан айына дейін - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың наурыз айы аралығында - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

1996 жылы Алматы автомобиль-жол институтын «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша инженер-құрылысшы біліктілігімен аяқтады. 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта