Жамаубаев Ерулан Кенжебекұлы

Жамаубаев Ерулан Кенжебекұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі, Холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1974 жылғы 25 наурыз.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ретінде Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 25.06.2020 ж. (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 25.06.2020 ж. № 371 бұйрығы).

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: жоқ.

Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және кредит» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген, халықаралық қаржы ұйымдарында және батыс елдерінің орталық (ұлттық) банктерінде «макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Еуропалық орталық банктегі монетарлық саясат стратегиясы және оны өткізу ерекшеліктері», «макроэкономикалық басқару», «қаржы нарығының құралдары», «қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру (тағылымдама) курстарынан өткен.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік басқару академиясында оқытушы-тәлімгер, оқытушы ретінде бастады.

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен 2015 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, 2022 жылғы 11 қаңтарда қайта тағайындалды.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, «ҚР Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Теңгеге 20 жыл» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Астанаға 20 жыл» медалі, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019 ж.).

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар