Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Туған күні: 1983 жылғы 14 қараша.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ретінде Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 04.02.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 04.02.2022 ж. № 50 бұйрығы.)
Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі (2022 жылғы 11 қаңтардан бастап).
Білімі: Томск мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» және «лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген, «Болашақ» стипендиясы бойынша Мичиган университетін қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман м.а. болып бастаған.
2005-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды;
2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;
2013 жылғы ақпан мен маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары;
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2021 жылғы ақпан мен 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы 5 қаңтардан бастап – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.), мерейтойлық медальдар.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.