Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы

Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1964 жылғы 24 қазан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ретінде Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 04.02.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 04.02.2022 ж. № 50 бұйрығы.)

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2020 жылғы 07 қыркүйектен бастап)

Білімі: КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «заңгер» мамандығы, Ақмола аграрлық университетін ұйымдастырушы-экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітіріп, халықаралық қатынастар саласындағы маман атанды.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын Ленин аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.

1993-2006 жылдары – Ақмола облысының жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары, Ақмола облысының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры;

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі;

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары;

2016-2018 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры;

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі;

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Марапаттары: «Құрмет» ордені (2008 ж.), «Парасат» ордені (2015 ж.), «Астана» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, ҚР Президентінің алғысы, төсбелгі (12.2019 ж.).

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта