Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1987 жылғы 4 шілде.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі: «Ташкент автомобиль-жол институтын» «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» мамандығы бойынша, Уорвик университетін (Ұлыбритания) «Өнеркәсіптік жүйелер инженері» мамандығы бойынша, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінде бастаған.

2011 жылғы тамыз бен 2013 жылғы қараша аралығында – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Транзиттік және көліктік логистика департаментінің Транзиттік саясат басқармасының басшысы.

2013 жылғы қараша мен 2017 жылғы наурыз аралығында – ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.

2018 жылғы мамыр мен 2020 жылғы шілде аралығында – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.

 2020 жылғы шілде мен 2021 жылғы шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

 2021 жылғы шілде мен 2023 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

 2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2023 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 2 бұйрығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің жеткізушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар