Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

Біз сіздің жобаны немесе бизнесті жоспарлауға көмектесе аламыз

Біздің коммерция және жоспарлау саласындағы кәсіпқойлар командасы сізге өзіңіздің бастамаңызды жүзеге асырып, оны нарыққа енгізуге көмектеседі.

Қазақстанның жобаларды дайындау қоры

KPPF өршіл жобаларды іске асыруға көмектеседі. Біздің команданың сіздің жобаны жоспарлауға, құжаттамаларды жасауға, инвесторларды тарту және жобаны қаржыландыру үшін дайындауға көмектесуге мүмкіндігі бар. KPPF, «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы ретінде, сонымен қатар серіктестерге, қаржыға және инвесторларға қолжетімділігі бар басқа да еншілес компаниялармен тығыз байланыста.

МЖӘ жобаларын қолдау бөлігінде Қор жоба бастамашыларына мынадай қызметтер көрсетеді:

  • Жоғары білікті консультанттарды (бизнес-жоспарлар, МЖӘ шарттарының жобалары және т. б.) тарта отырып, жобалау алдындағы құжаттаманы ішінара немесе кешенді әзірлеу;
  • Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың келісуі мен сараптамасы барысында МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу;
  • Холдингтің құралдары мен оның ауқымды халықаралық байланыстарын пайдалана отырып, жергілікті нарықта да, халықаралық нарықта да инвесторлар мен институттарды тарту;
  • МЖӘ шартының тараптары арасындағы келіссөздер үдерісіндегі консультациялық қызметтер.

Индустриялық жобаларды қолдау бөлігінде Қор жоба бастамашыларына мынадай қызметтер көрсетеді:

  • Жоғары білікті консультанттарды тарта отырып, жобалау алдындағы құжаттаманы ішінара немесе кешенді әзірлеу;
  • Холдингтің құралдары мен оның ауқымды халықаралық байланыстарын пайдалана отырып, жергілікті және халықаралық нарықта стратегиялық немесе қаржы инвесторлары мен институттарын тарту;
  • Инвестициялық және/немесе қарыз капиталын тарту кезінде қаражаттың қайтарымдылығы шартымен жобалау алдындағы кезеңді қаржыландыру.

«Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС

Соңғы
жаңалықтар
01.09.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар