Сыртқы аудит

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2014 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аудиторы «КПМГ-Аудит» ЖШС болып табылады.:

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 06/14 шешіміне сәйкес және сыйақы сомасы 24 640,00 мың теңге (ҚҚС-мен);

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02/15 2015-2018 жылдарға арналған шешіміне және сыйақы сомасы жыл сайын 26 600,00 мың теңге (ҚҚС-мен) ;

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 04/19 шешіміне сәйкес 2019-2021 жылдарға және сыйақы сомасы тиісінше жылдар бойынша 42 560,00 мың теңге, 45 584,00 мың теңге, 48 720,00 мың теңге (ҚҚС-мен).

2019-2021 жылдар кезеңінде «КПМГ-Аудит» ЖШС сыртқы аудиторы «Бәйтерек» ҰБХ» үшін қаржылық есептілік аудитіне байланысты емес, аудиторлық ұйымға төленетін сыйақының жалпы құнының 50% - ынан астамын құрайтын консультациялық қызметтер көрсеткен жоқ.

Ішкі аудит

Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйым құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы ереженің және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру қағидалары нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін атқару кезінде ішкі аудиттің міндеті мен оны анықтау, ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі принциптері, Этика кодексі және Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары (ІАХКС), сондай-ақ Этика кодексі мен ІАХКС қолдану жөніндегі нұсқаулық және ғаламдық Ішкі аудит институтының ішкі аудитті жүзеге асыру бойынша тәжірибелік нұсқаулары құрамдас элементтері болып табылатын Ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық негіздерін басшылыққа алады.

ІАҚ қызметінің 2013-2017 жылдар аралығындағы алғашқы бес жылының қорытындылары бойынша ІАҚ қызметіне тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізілді және ІАХКС пен Этика кодексіне деңгейінде сәйкестігі расталды (79%). ІАҚ-тың кемелдену деңгейі 2018 жылы Мемлекеттік сектор үшін ішкі аудиттің өтеу моделіне сәйкес Басқарылатын деңгейде белгіленді.

Осыған ұқсас тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша 2022 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС ІАҚ қызметінің ІАХКС пен Этика кодексіне сәйкестігін растады (99%). Мемлекеттік сектор үшін ішкі аудиттің өтеу моделіне сәйкес бағаланған ІАҚ өтеу деңгейі жоғары деңгейде расталды – Оңтайлы.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіндегі маңызды тәуекел аймақтарға жүргізілген аудитпен және консультациялық қызметтермен қатар ІАҚ заңнаманың нормаларына, ішкі әдістемелерге сәйкес және қолданылатын халықаралық стандарттарды ескере отырып, Холдингтің ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кезең сайын кешенді бағалау жүргізеді.


Корпоративтік
іс-шаралар
22.05.2024
Холдинг өзінің (KZ2C00007052, BTRKb4) облигациялары бойынша жетінші купонды төледі

2024 жылғы 22 мамырда Холдинг өзінің (KZ2C00007052, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, «облигациялар» санаты, BTRKb4) облигациялары бойынша 2 825 000 000 теңге көлемінде жетінші купондық сыйақысын төледі.  

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар