14.03.2023 Айгуль
Сәлеметсіз, дәрігерлер қашан беріледі, емхананың бәрі жекеге сатылып кетті, он жыл болды үйсіз жүрміз, бізге ипотека шығарама, ертерек, қырыққа келсекте үйсіз жүрміз, то доход асты, то жетпейді,не істейміз, жауап күтемін, тек президентке жазу қалды.

Құрметті Айгүл!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.

Тұжырымдаманың 5.2-бөлімінің 3-тармағында Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының «Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету» деген 2-міндетіне сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешуге жеткіліксіз азаматтарға жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жалғасады деп көрсетілген.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы - «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттерде көзделетін қаражат, облигациялық қарыздар және келіп түсетін кредиттік төлемдер (қайтарылатын қаражат) шегінде:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларында, 68-бабының 2), 3) тармақшаларында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 2 %-дан (екі пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын;

2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 4) тармақшасында айқындалған адамдарды қоспағанда, 67-бабының 1-тармағында айқындалған, соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдардың санаттары үшін жылдық 5 %-дан (бес пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беруді қамтамасыз етеді.

Кредит берудің міндетті шарты:

- кредит беру мерзімі – 20 (жиырма) жылға дейін;

- қарыздың мақсаты – әлеуметтік кредиттік, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу;

- тұрғын үй құрылысы жинақ шотында алдын ала тұрғын үй қарызының шарттық сомасының кемінде 10 % (он пайызы) мөлшерінде немесе аралық тұрғын үй қарызы үшін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде бастапқы жарна сомасының болуы. Бастапқы жарнаның бір бөлігін жергілікті атқарушы орган (әкімдік) беретін тұрғын үй сертификатымен өтеуге болады.

календарь
событий

?

Не нашли то,
что вам нужно?

  • Официальный интернет-ресурс Президента Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Парламента Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Министерства национальной экономики Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
  •  Электронные ресурсы