- О холдинге
Құрметті, Қайрат!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.
Тұжырымдаманың 5.2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес «Жеңілдікті кредит беруді іске асыру» көзделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының «Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету» деген 2-міндетіне сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешуге жеткіліксіз азаматтарға жеңілдікті кредит беру бағдарламасы көзделген.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттерде көзделетін қаражат, облигациялық қарыздар және келіп түсетін кредиттік төлемдер (қайтарылатын қаражат) шегінде соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы алған«бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы азаматтарға жылдық 2 %-дан (екі пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беруді қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, Сіздің сұрағыңызға толықтүсініктеме алу үшін, аталған Заңның әзірлеушісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хабарласуыңызға кеңес береміз.