- О холдинге
Құрметті Асхат!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) Сіздің қаржылық қолдау алудың жолдары бойынша өтінішіңізге жауап ретінде мыналарды хабарлайды.
Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - Даму қоры) кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының (бұдан әрі - Бағдарлама) негізгі операторы болып, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс атқарады.
Атап айтқанда, берілген қарыздардың пайыздық ставкасын арзандату (субсидиялау), кепілдіктер беру (кредит алу кезінде меншікті кепілзаттық қамтамасыз ету жетіспеген кезде), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде және өзге де қаржы ұйымдарында (бұдан әрі – ЕДБ және ҚҰ) олардың микро, шағын және орта бизнеске жеңілдікті кредиттерін одан әрі беруі үшін ақшалай қаражатты орналастыру сияқты кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыруда.
Даму қорының қолдау құралдарын алу үшін, бірінші кезекте, ЕДБ және/немесе ҚҰ-ның ішкі саясатына сәйкес құзыретіне жататын бизнес-жоба бойынша оң шешім алу талап етіледі. ЕДБ және/немесе ҚҰ бизнес-жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Даму қоры пайыздық мөлшерлемені арзандату және/немесе кепілдік беру бойынша қолдау құралын ұсыну мүмкіндігін қарастырады.
Қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Даму қорынан 1408 нөмірі бойынша толық консультация ала аласыз немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша олардың өңірлік филиалдарына хабарласа аласыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында Холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) жастар арасында (35 жасқа дейінгі) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша микрокредит алуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Микрокредиттер кепілмен қамтамасыз етумен жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша берілетін болады. Мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы бойынша – 7 жылға дейін. Салалық және аймақтық шектеулер жоқ.
Микрокредит алу шарттары бойынша толық кеңесті АНК филиалдарынан алуға болады, олапрдың мекенжайлары мен байланыстары https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates/ сайтында орналасқан, сондай-ақ 5353 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.