11.09.2022 Болат
Қайырлы кеш,  ауылдық жерде емдеу сауықтыру кешені мен туризм ді дамыту үшін қалай кредит алуға болады

Құрметті Болат!


«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) Сіздің несие алуға қатысты өтінішіңізге жауап ретінде мыналарды хабарлайды.

Холдингтің еншілес ұйымдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - Даму қоры) бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша негізгі операторлар болып табылады.

Атап айтқанда, АНК агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) субъектілеріне құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, негізгі құралдарды сатып алуға, мал шаруашылығын дамытуға және айналым капиталын толықтыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға тікелей жеңілдікпен кредит беру арқылы ауылдар мен шағын қалаларда АӨК дамыту бойынша жәрдем көрсетеді.

Даму қоры, өз кезегінде, берілген қарыздардың пайыздық ставкасын арзандату (субсидиялау), кепілдіктер беру (кредит алу кезінде меншікті кепілзаттық қамтамасыз ету жетіспеген кезде), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде және өзге де қаржы ұйымдарында (бұдан әрі – ЕДБ және ҚҰ) олардың микро, шағын және орта бизнеске (бұдан әрі - МШОК) жеңілдікті кредиттерін одан әрі беруі үшін ақшалай қаражатты орналастыру сияқты кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыру арқылы қалалар мен моноқалаларда МШОК-ты дамытуда.

Даму қорының қолдау құралдарын алу үшін, бірінші кезекте, ЕДБ және/немесе ҚҰ-ның ішкі саясатына сәйкес құзыретіне жататын бизнес-жоба бойынша оң шешім алу талап етіледі. ЕДБ және/немесе ҚҰ бизнес-жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Даму қоры пайыздық мөлшерлемені арзандату және/немесе кепілдік беру бойынша қолдау құралын ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

Қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз АНК Call-орталығынан 5115 нөмірі бойынша және Даму қорынан 1408 нөмірі бойынша толық консультация ала аласыз немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша олардың өңірлік филиалдарына хабарласа аласыз.»
календарь
событий

?

Не нашли то,
что вам нужно?

  • Официальный интернет-ресурс Президента Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Парламента Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Министерства национальной экономики Республики Казахстан
  • Официальный интернет-ресурс Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
  •  Электронные ресурсы