Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Туған күні: 1986 жылғы 18 маусым
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Холдингтің Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ретінде сайланған күні: 04.02.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 04.02.2022 ж. № 50 бұйрығы).
Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (18.01.2021-11.11.2022 ж.).
Білімі: Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (2008); Халықаралық бизнес мектебі, Швеция (2008); Йорк университеті (2009); Ноттингем университеті (2010)
Мамандығы «Экономист»
Жұмыс тәжірибесі:
09.2010-10.2011 ж – Еуропалық қайта құру және даму банкінің Лондондағы Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша аймақтық экономикалық саясат талдаушысы
10.2011-11.2012 ж. – Еуропалық қайта құру және даму банкінің Лондондағы Экономикалық департаментінің бас аймақтық талдаушысы
11.2011 ж. – Еуропалық қайта құру және даму банкінің Лондондағы Экономика департаментінің аймақтық банк экономисі.
01.2013-2016 ж. – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары
02.2016-10.2016 ж. – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы
10.2016-12.2016 ж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі
12.2016-07.2018 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі
07.2018-09.2018 ж – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобаларды басқару орталығының меңгерушісі
09.2018-03.2019 ж – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
03.2019-08.2019 ж – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары
08.2019 – 08.2019 ж – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
01.2021-06.2022 – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
2022 жылғы 6 қаңтар – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, 28.11.2022-09.02.2023 қайта тағайындалды.
2023 жылғы 02 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
2023 жылғы 28 қыркүйек – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Ерен еңбегі үшін» медалі (12.2020)
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.