Жарғылық капитал құрылымы

Тіркелген (жарияланған) акциялардың саны, түрі– 5 000 086 550 дана жай акциялар.

Жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялар саны – 3 493 990 577 дана жай акциялар.

Орналастырылған акциялар саны – 1 506 095 973 дана жай акциялар.

Бір акцияның номиналдық құны (құрылтайшылар төлеген кезде) – 1 000 (бір мың) теңге.

Акционерлер құрамы:

Холдингтің Жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
2013 жылғы 26 маусымда Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілді. 

2021 жылғы 27 сәуірде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысына сәйкес холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берілді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада және Эмитенттің Жарғысында Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің уәкілетті адамдарының бұйрықтарымен ресімделеді.

 

Акциялармен берілген құқықтар:

1) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығы;
2) Холдингтің таза кірісі болған жағдайда, дивидендтер алу құқығы;
3) Холдинг Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылған кезде оның мүлкін алу құқығы.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар