Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

21.01.2022

Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі қызметкер болмаған кезеңге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері бос лауазымына кандидатты іздеуді жариялайды

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.      

Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасы, Даму стратегиясы және Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде Холдингтің және ЕҰ-ның өтімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайтуға, Холдингтің және ЕҰ-ның сыртқы көздерден тартылуын қамтамасыз етуге, кредиттік шарттар/қарыз шарттарының жобаларын дайындауға және келісуге жауап береді, жетекшілік ететін ЕҰ-ның қорландыруға қажеттілігіне талдау жүргізеді, тартылған қаражат (облигациялар, қарыздар) бойынша шарттарды әкімшілендіруді жүзеге асырады, сондай-ақ құзыреті шеңберінде Холдингтің ЕҰ-мен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.

            Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): қаржы және/немесе банк ісі және/немесе бизнес-әкімшілендіру саласындағы жоғары білім.

           Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі                    1 жылдан кем болмауы тиіс (Холдингтің компаниялар тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны дұрыс)

           Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

·         Корпоративтік қаржы саласындағы теориялық білім;

·         Upper intermediate деңгейінен төмен емес іскерлік және жазбаша ағылшын тілін білу;

·         Қаржылық талдау жүргізу, болжамды Cash Flow құру, инвестордың/кредитордың қаржы-экономикалық негіздемелерін (ҚЭН) дайындау және пысықтау/қорғау (мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі қалаулы), ҚР Ұлттық Банкінде бағалы қағаздар (акциялар/облигациялар) шығару проспектілерін дайындау және тіркеу бойынша кәсіби білімі мен тәжірибесі;

·         Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды (акцияларды/облигацияларды) шығару және бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу ережелерін білу;

·         отандық және компаниялармен кездесулер ұйымдастыру тәжірибесі;;

·         Келесі ішкі құжаттарды білу:

·         Холдинг жарғысы, Департамент туралы ереже, лауазымдық нұсқаулық, Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы, АТ қауіпсіздігінің ережелері, Холдингте техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормалары, Холдингтің Еңбек тәртібінің ережелері, ақпаратты ашу саясаты, Холдинг қызметкерлерінің іссапарлары туралы ережелер, Холдинг қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру ережелері, Холдингтің еншілес ұйымдарының Директорлар кеңестерінің отырыстарына материалдарды қарау регламенті, Директорлар кеңесі туралы ереже, Холдинг Басқармасы туралы ереже, Басқарма төрағасының "Басқарма мүшелері мен Холдингтің басқа да лауазымды тұлғалары арасында міндеттерді бөлу туралы" бұйрығы, Холдингті топішілік қаржыландыру қағидалары, Холдингтің және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың қарыз алу қағидалары, Холдингтің Активтері мен пассивтерін басқару комитеті туралы ереже, Холдингтің қаржы активтері мен міндеттемелерін басқару регламенті, Корпоративтік оқиғалар бойынша ақпаратты дайындау және ұсыну және өзге де ақпаратты, сондай-ақ Холдингтің өзге де ішкі құжаттарын ұсыну кезіндегі Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл регламенті.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 

·         Шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған мәселелерді шешуге жаңа тәсілдерді қолдану дағдылары

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                       

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                   

Жұмыс процестеріне әсері                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                    

Өзгеру қабілеті                                                                          

Командалық                                                                   

Жауапкершілік                                                                         

Дамыту                                                                         

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55а, B блогы         

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері email арқылы қабылданады: hrd@baiterek.gov.kz 21.01.2022 ж.

Хат тақырыбында «КҚД бас менеджері» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар