«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ немен айналысады?

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.

Негізгі міндеттері:

  • Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту;
  • Кәсіпкерлікті дамыту (экономиканың жеке секторы);
  • Экономикадағы урбанизацияны қолдау;
  • Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
  • Инновацияларды дамыту.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

  • Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
  • Экспорттық әлеуетті арттыру;
  • Инновациялар трансферті және енгізу.

2021 жылғы 16 наурыздан бастап Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:

Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру және жобаларды, оның ішінде МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау сияқты қолдау құралдарын ұсынады.

Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға үш қолдау құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейлі банктерде шартты орналастыру.

«Қазақстанның Даму Банкі» мен «KazakhExport» шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдайды, ал «QazTech Ventures» қорлар қоры ретінде венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, қаржыландыру, ипотекалық несиелеу, субсидиялауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 52-тармағын орындау үшін «ҚазАгро» холдингін «Бәйтерек» холдингіне қосу жолымен бірыңғай даму институтын құру бойынша іс-шаралар жүргізілді. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингінің құрамына өзінің барлық функцияларын сақтай отырып, үш еншілес ұйым кірді.

Осылайша, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына ықпал етеді. Елдің АӨК-ін техникалық жабдықталуына «ҚазАгроҚаржы» АҚ көмектеседі, сонымен қатар сапалы және бәсекеге қабілетті лизинг қызметтерін ұсынады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында Шағын кәсіпкерлікті қаржыландырады.

Портфельдік компанияларды кейіннен штат санын түзете отырып, 7-ге дейін қысқарту жоспарланып отырғанын атап өтеміз.

Холдинг қандай мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылады?

Холдингте ірі бизнесті қолдаудың қандай құралдары бар?

Холдингтің еншілес компаниялары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша лизингтік қаржыландыру және консультациялық қолдау, оның ішінде МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын қолдау құралдарын ұсынады.

Холдингте ШОБ қолдаудың қандай құралдары бар?

Шағын және орта бизнес "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ қолдаудың үш құралын ұсынады:

Субсидиялау дегеніміз не және оны қалай алуға болады?

Субсидиялау-кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын кәсіпкердің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

Ең алдымен, егер сіз қалада бизнес жүргізуді жоспарласаңыз, онда сіздің қызметіңіз экономиканың басым салаларына енуі керек екенін біліңіз (басым салалар тізіміне сілтеме). Егер бизнес ауданда жүргізілетін болса, онда салалық шектеулер жоқ және сіз қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін кез келген қызмет үшін субсидия ала аласыз.

Кепілдік дегеніміз не және кепілдік алу үшін қандай шарттар бар?

Бағдарламаның талаптарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді қолдау нысаны.

Кепілдік кепілдік массасы жеткіліксіз болған жағдайда беріледі. Кепілдіктер жаңадан бастаушыларға және әрекет етушілерге бөлінеді. Кепілдіктерді алу шарттарымен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кепілдік беру бөлімінде.

Гранттық қаржыландыруға қатысу үшін не қажет?

Гранттық қаржыландыруға қатысу үшін тегін оқудан өту қажет.

Егер сіздің бизнес-идеяңыздың жаңашылдығы мен бірегейлігімен ерекшеленсе, сізге гранттарға қатысуға және конкурстық негізде 3 000 000 теңгеге дейін ұтып алуға мүмкіндік беріледі.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібін, өтінімдерді беру орнын және конкурсқа қатысу уақытын конкурсты ұйымдастырушылардан: кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан анықтау қажет.

"Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:

1) Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) Материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.

Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар беру ережесімен регламенттеледі".

Холдингте кәсіпкерлер үшін оқытудың қандай түрлері бар?

Сіз үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы тегін кәсіпкерлік курсынан өтуіңізге болады!

«Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» оқыту бағдарламасы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың білім деңгейін арттыруға бағытталған.

Бірегей мүмкіндікті пайдаланыңыз — Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген жерде және кез келген уақытта өз білімдеріңізді тегін толтыру және жетілдіруге болады.

edu.damu.kz сілтемесі бойынша өтіп, сайтта тіркелген кез келген адам өзіне лайықты оқу курсын таңдай алады.

Оқу барысында студентке оқушының орындалған тапсырмаларын тексеретін және бағалайтын оқытушы бекітіледі. 

Курста бизнесті ашу бойынша өзекті мәселелер ашылды. Курсты толық өтіп, электрондық сертификат алыңыз.

Бизнес жоспарды қайдан алуға болады?

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкерлер үшін бизнес жоспарларды тегін әзірлеумен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ КҚКО базасында кәсіпкерлер палатасының мамандары айналысады.

Сондай-ақ, бизнес жоспарлардың дайын үлгілерін Сіз «Даму» Қоры сайтының бетінде немесе «Бизнес аумағы» сайтында көре аласыз.

Экспортер Холдингтен қандай көмек ала алады?

Экспорттық қызметті қолдаумен Холдингтің үш еншілес ұйымы айналысады – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (ӨДҚ) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

Экспортерларда бүгінде бірқатар проблемалар бар, олардың негізгілері айналым капиталының жеткіліксіздігі және шетелдік нарықты білмеу болып табылады. KazakhExport және ӨДҚ қазіргі уақытта экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы айналым капиталын толықтыру мәселесін шешуге көмектеседі. Сондай-ақ KazakhExport қарызды сақтандыру құралын ұсынады, онда банкке кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда жабу ұсынылады. Сақтандыру компаниясының барлығы экспорттаушыларды қаржылық қолдау бойынша 14 құралы бар.

Өз кезегінде ӨДҚ 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық экспорттаушыларды қолдайды.

ӨДҚ шикізатты өңдеу саласында инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамытып, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сияқты экспорттаушыларды қолдаудың арнайы құралын ұсынады. Мұндай қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «Валюталық тәуекелдерді төмендету» үшінші бағыты шеңберінде көрсетіледі.

Digital Baiterek дегеніміз не және оны қалай пайдалануға болады?

«Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай порталы ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, оның еншілес ұйымдары, қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық алаң ұсыну болып табылады. Қазіргі уақытта 42 автоматтандырылған және ақпараттық қызмет орналасқан.

«Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай порталы Холдингке жүгінген адамдарға мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Барлық мүмкін болатын клиенттерге қолдау көрсету құралдары бойынша жан-жақты ақпарат алу және кеңес беру;
  • Қағаз тасығыштардан бас тарту және коммуникацияларды цифрлық түрге көшіру есебінен өтініштердің мәртебесін қадағалау мүмкіндігімен өтініштерді жедел өңдеу;
  • Ақпараттық сүйемелдеу және клиенттің анықталған талаптарына сәйкес пакеттік қызметтерді таңдау мүмкіндігі;
  • Клиенттің өтініш берген орнына қарамастан қызметтердің толық қолжетімділігі;
  • Қажет болған жағдайда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның барлық құрылымдары мен еншілес ұйымдарының клиенттің өтініштерін бірыңғай және бір мезгілде кешенді қарау мүмкіндігі.

Бұдан басқа, Digital Baiterek арқылы Холдингте жұмысқа орналасу үшін түйіндеме беруге, сондай-ақ демеушілік немесе қайырымдылық көмек алуға өтінім беруге болады.

Digital Baiterek жүйесін пайдалану үшін ең аз деректер жинағын пайдалана отырып, тіркелу және жеке кабинет құру жеткілікті.

Порталға сілтеме: https://digital.baiterek.gov.kz/.

«Бәйтерек» Холдингі арқылы тұрғын үйді қалай сатып алуға болады?

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ), «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (2021 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ), қаржыландыруды, ипотекалық несие беруді, субсидияларды және сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған. Холдингтің жоғарыда аталған еншілес компаниялары арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары туралы толығырақ келесі сұрақтарда айтылған.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу шарттары қандай?

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – дағы ипотекалық кредиттердің түрлерімен Қолжетімді баспана - Ипотекалық кредиттер және тұрғын үй қарыздары бөлімінде танысуға болады.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары қандай?

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – дағы ипотекалық кредиттердің түрлерімен Қолжетімді баспана - Ипотекалық кредиттер және тұрғын үй қарыздары бөлімінде танысуға болады.

Холдингте стартап-жобаларды қаржыландыру бойынша бағдарламалар бар ма?

2019 жылғы желтоқсаннан бастап "Qaztech Ventures" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы) 2 шетелдік венчурлік қорға-"Quest Ventures Asia Fund II" (Сингапур) және "V Global Fund 500 Startups" (АҚШ) қатысу туралы келісімдерге қол қойды. Осы келісімдер аясында қорлар қазақстандық стартап-жобаларға инвестиция салады. Бұл екі қор да инвестициялау сатысына кірісті және қазіргі уақытта қазақстандық жобаларды қарастыруда. Қоғам тұрақты негізде қорларға қазақстандық стартап-жобалардың тізімін және тұсаукесерлерін жібереді. 2020 жылдың басынан бастап Қоғам екі қордың инвестициялық комиссияларының қарауына 84 қазақстандық стартап-жобаны қалыптастырды және жіберді.

Венчурлық қорларда қандай стартап жобаларға басымдық беріледі?

IT - жобалары ең перспективалы болып табылады. COVID-19 бойынша қазіргі жағдайға байланысты экономика нарығы трансформациялануда және біз көріп отырғанымыздай, перспективалар тек IT саласында және онымен байланысты онлайн-білім беру, медицина, ойындар, онлайн-коммерция және т.б. салаларда ғана қалады. Сондай-ақ, қазақстандық стартаперлардың ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды еңгізуге назар аударғандары жөн.

Стартап-жобаларды дамыту үшін қандай бағдарламалар бар?

"Qaztech Ventures" АҚ «Quest Ventures»-пен жасалған келісімдер аясында Нұр-сұлтан қаласында өкілдігі бар өңірдегі алғашқы әлемдік деңгейдегі стартаптардың акселераторы Kazakhstan Digital Accelerator (KDA) акселерациялық бағдарламасын іске қосады. Бұл бағдарламаның мақсаты - болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шыға алатын технологиялық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және капиталдандыру. Бағдарлама үш жылға есептелген және 2020 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл бағдарлама Қазақстанда стартап-жобалар мен цифрлық экожүйені дамытуға және ілгерілетуге ықпал ететін болады. Акселерациялық бағдарламаның арқасында стартап-жобалар жетекші халықаралық сарапшылардан білім алып, өнімді нақты жағдайда сынай алады. Сингапурлық "Quest Ventures" қорының командасы "QazTech Ventures" АҚ-мен бірлесіп стартап-жобаларды іріктеуге, оларды нарыққа шығаруға дайындауға, көп жылдық тәжірибесі бар үздік менторлар мен кәсіпқойларды ұсынуға, воркшоптар, консультациялар, жеке кездесулер өткізуге және жалпы нетворкингті жолға қоюға көмектесетін болады.

"Kazakhstan Digital Accelerator" бағдарламасы 2020 жылдың тамыз айында іске қосылады. Оның аясында 5 ағын іске қосылады. Әр лек алты айға дейінгі бағдарламада оқытылады. Жобаларды іріктеумен "Qaztech Ventures" АҚ-мен бірлесіп "Quest Ventures"тобы тікелей айналысатын болады. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында стартап-жобалар өз жобаларын Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторларына таныстыруға мүмкіндік алатынын атап өткім келеді. Егер жоба перспективалы болған жағдайда, ол "Quest Ventures Asia Fund II"қызметінің шеңберінде қаржыландырылуы мүмкін.

Кәсіпорындарды технологиялық дамыту бөлігінде қандай көмек көрсетіледі?

Кәсіпорындардың технологиялық дамуына ықпал ету үшін "QazTech Ventures" АҚ Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт бола отырып, сервистік-технологиялық консалтинг бойынша қызмет көрсету жолымен инновацияларды іздеу, іріктеу және енгізу, кәсіпорындарды технологиялық дамыту және цифрлық трансформациялау шеңберінде сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу бойынша стратегиялық бағытты іске асырады.

Сервистік-технологиялық консалтинг шеңберіндегі қызметтер құрамына келесілер кіреді:

  • Жобаның технологиялық және техникалық іске асырылуы тұрғысынан технологиялық сараптама жүргізу;
  • Инвестициялық жобалардың техникалық пысықталуы мен сатып алуды тәуелсіз бағалау;
  • Инвестициялық жобаларды қаржылық-техникалық бақылау;
  • Технологиялық турлар;
  • Технологиялық аудит.

Сервистік және технологиялық консалтинг қызметтері қандай міндеттерді шешеді?

Сервистік-технологиялық консалтинг қызметтері Сіздің келесі міндеттеріңізді шешуге көмектеседі:

  • Сіздің жобаңыз отандық / халықаралық қаржы институтында қаржыландыруға үміткер және сіздің жобаңызды тәуелсіз бағалау/сараптау қажет;
  • Сіздің кәсіпорныңыздың қызметін оңтайландыру және/немесе сандық түрлендіру қажеттілігі бар;
  • Сіз өзіңіздің негізгі қызметіңізді және/немесе өндірістік қуаттарыңызды және басқаларын растауыңыз керек.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта