Тәуекелді басқару

Тәуекелдерді басқару «Бәйтерек» холдингінің ең негізгі қызметі болып табылады

Image
Jenga

«Бәйтерек» холдингінің тәуекелдерін басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару жүйесі, Холдингтің барлық айтарлықтай тәуекелін анықтауға, бағалау және мониторингілеуге, соынмен қатар аталған тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған Холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Холдингтің тәуекелдерді басқару жүйесі үш деңгейлі иерархия ретінде берілген:

Бірінші деңгей

Директорлар Кеңесі тәуекелді басқару жүйесінің өз деңгейінде қызмет етуіне, негізгі тәуекелдерді басқаруға және тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі үшін толық жауапкершілікте болады. Директорлар Кеңесі Холдинг қызметінің мақсаттарын анықтайды және тәуекелдерді басқаруға қатысты құжаттарды бекітеді.

Аудит бойынша комитет Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметін мониторингілеудің тиімді жүйесін құру үшін (қаржылық есептің толықтығы және шыайылығын қоса алғанда) , ішкі бақылаудың және тәуекелдерді басқару жүйелерінің шынайылығы және тиімділігін бақылау және корпоративтік басқару саласындағы құжаттарды дайындау және сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау үшін Директорлар Кеңесі жанында құрылған.

Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқарудың аудит процедураларын және тәуекелдерді бағалау әдісін өткізеді, сонымен қатар Холдингтің Директорлар Кеңесіне тәуекелдерді басқару процедураларының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды, тәуекелдерді басқару жүйесі туралы емесптерді әзірлейді.


 

Екінші деңгей:

Директорлар Кеңесі тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құруға, корпоративтік саясат талаптарына сәйкес болуды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін құру үшін толық жауапкершілікте болады. Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқаруды және Холдингтің басқару философиясын көрсететін «туәуекелдер туралы хабардарлық» мәдениетін құру үшін жауап береді. Директорлар кеңесі сонымен қатар, қызметкерлер тәуекелді басқару үшін нақты белгіленген жауапкершілікте болатын тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін енгізу үшін де жауапты болады және өздерінің міндеттерінің орынды орындалуына жауапкершілікте болады. Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқару саласындағы өздерінің міндеттерін тиісті комитеттер құру арқылы орындауға құқылы.

Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі Комитет Басқарма жанынан құрылған, ол Холдингтің тұрақты алқалық органы болып табылады. Комитеттің мақсаты активтер мен пассивтердің әртараптандырылуы қағидасына қол жеткізу, тәуекелдерді (қаржылық, операциялық, стратегиялық және заңдық) оңтайландыру және Холдингтің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Холдингтің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Үшінші деңгей:

Тәуекелдерді басқару Департаменті тәуекелдерді басқару саласындағы жалпы үйлестіруді және тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды, сонымен қатар тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару және қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер бойынша есептілік үшін жалпы қағидалар мен әдістерді енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Құрылымдық бөлімшелері (тәуекелдердің иелері) тәуекелдерді басқару процесінде негізгі рөл атқарады. Холдинг қызметкерлері күн сайын тәуекелдерді өңдейді және басқарады, сонымен қатар тәуекелдердің өздерінің қызметі саласына әлеуетті әсерін бақылап отырады. Құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару бойынша әрекеттер жоспарының жүзеге асуына, өз қызметінде негізгі тәуекелдерді дер кезінде анықтау және негізгі тәуекелдерді көрсетуге және жұмыс жоспарына енгізілуі тиіс, тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарын әзірлеуге жауап береді.

Холдинг тәуекелдерді басқарудың үздік халықаралық әдістеріне сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жолында үнемі еңбектеніп келеді. Бұл жұмыста тәуекелдерді бағалау және бақылау әдістемесін әзірлеу және жаңарту процесі, сонымен қатар Холдингтің Директорлар Кеңесіне ұсынылатын, тәуекелдер туралы есептер сипатталады.

Саясаттың негізгі міндеттері:

Тиімді кешендік жүйе құру және тәуекелдерді басқарудың кіріктірілген процесін құру, сонымен қатар тәуекелдерді басқару әдістеріне біріздендірілген және стандартталған тәсілдеме негізінде қызметті әрдайым жетілдіру;

Олардың қызметі ауқымына сәйкес келетін қолайлы тәуекелдердің қабылдануын қамтамасыз ету;

Бұл саясат келесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

Шешім қабылдау және жоспарлау үшін сенімді негіз құру;

Тәуекелдерді дер кезінде анықтау, бағалау, талдау, мониторинг және мақсатқа жету жолында бақылау негізінде тәуекелді басқарудың үздіксіз, шоғырланған процесін қамтамасыз ету;

Әлеуетті жағымсыз оқиғалардың алдын алуға және ықшамдауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;

Ресурстарды пайдалану және тарату тиімділігін арттыру;

Холдинг қызметінің тиімділігін арттыру, қорғаныс активтерін және Холдингтің өзіндік капиталын қамтамасыз ету есебінен шығын мен ысыраптың алдын алу;

Бизнес –процестердің тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктің сенімділігін қамтамасыз ету және құқықтық талаптардың сақталуына жәрдемдесу.