Сұрақ-жауап

2020.03. 02 Гульдана

Сәлеметсіз бе?! Мен Ақтөбе қаласынан сіздер салған үй алайын деп едім. Сол туралы ақпарат берсеңіздер

 

Құрметті, Гульдана!

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.

 

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық несие беруді және сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған.

 

Тұрғын үй алу шарттары:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (салымшылар және ЖАО кезекте тұрғандар)

Бастапқы жарна – 20% бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%

Мерзімі – 25 жылға дейін

 

«Бақытты отбасы» (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған тұрғын үй)

Бастапқы жарна – 10%-дан бастап немесе әкімдіктен тұрғын үй сертификаты

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 2%

Мерзімі – 20 жылға дейін

Қарыз сомасы - 15 млн теңгеге дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалалары); 10 млн теңгеге дейін (басқа өңірлер)

 

«Өз үйім» жаңа құрылыстарда тұрғын үй сатып алу («ҚТҚЖБ» АҚ меншікті бағдарламасы)

Бастапқы жарна – 20% бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 7%

Тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауды ескере отырып, мөлшерлеме – жылына 3,5% бастап

Мерзімі – 20 жылға дейін.

 

Стандартты тұрғын үй жинақтары (тұрғын үй қарызы)

Жинақтау мерзімі – үш жылдан

Бастапқы жарна – 50%-дан бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылына 3,5%-дан 5%-ға дейін;

Қарыз мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін.

 

Аралық тұрғын үй заемы

Бастапқы жарна – 50%-дан бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 7-ден 8,5%-ға дейін, кейіннен 5%-ға дейін төмендеумен*

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%-дан бастап («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша)

Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

* Аралық заем бойынша бастапқы мөлшерлеме сіздің депозитіңізге 3 жыл толғанша әрекет етеді, содан кейін сіз тұрғын үй заемының шарттарына көшесіз және несие бойынша мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді.

 

Алдын ала тұрғын үй заемы*

Бастапқы жарна – 20% бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 7% бастап («Өз үйім» бағдарламасы бойынша)

Тұрғын үй жинақтарының шарттарын орындауды ескере отырып, мөлшерлеме – жылына 3,5 % бастап

Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

* «ҚТҚЖБ» АҚ-ның «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламалары мен жеке бағдарламасы аясында ғана.

 

«Әскери ипотека» бағдарламасы

Бастапқы жарна – 15% бастап

Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 6% бастап 8% дейін

Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

Қарыз сомасы - 90 млн теңгеге дейін

"ҚТҚЖБ" АҚ желісі бойынша сізге іске асырылатын мемлекеттік, өңірлік және өзге де тұрғын үй бағдарламалары бойынша толығырақ ақпарат алу үшін "ҚТҚЖБ" АҚ филиалына, Ақтөбе қ., Жанқожа-Батыр, 9 мекен-жайы бойынша жүгінуді ұсынамыз.

 

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы

Білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалдау

Бастапқы жарна: жоқ

Жалдау бойынша мөлшерлеме – жылдық 3,1% 

Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді

Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі;

Кірістер жеткіліксіз болған кезде кепілдіктерді тарту мүмкіндігі;

Бағдарламаға қатысуға үміткерлер тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады. «ҚИК» АҚ өз кезегінде төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады және жалдау шартын жасайды.

  

«Орда» ипотекалық бағдарламасы (барлық тілек білдірушілер үшін)

Бастапқы жарна:

- табыстарды толық растағанда 30%-дан бастап;

- табыстарды ішінара растау кезінде 50%-дан бастап;

- бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін;

Қарыз Сомасы:

- ең төменгі сома 1 млн. теңге;

- ең жоғары сомасы 65 млн. теңгеге дейін;

Қарыз мерзімі – 20 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі - тұрақты

- Табыстарды толық растағанда жылдық 12% ;

- Табыстарды ішінара растағанда жылдық 14%.

Толығырақ ақпарат алу үшін "ҚИК"АҚ-на хабарласуды ұсынамыз (тел. 8 7273 44 12 22).

 

 «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ арқылы

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтауға және тұрғын үйдегі үлесті үлескерге беруге кепілдік беретін коммерциялық емес ұйым.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша ҚТҚЖБ және ЕДБ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен және шарттарда үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқықтарын кепілге қойып тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алушыларға несие бере алады. 

2020.03.30 БАКАЕВ РОМАН АЛДАБЕРГЕНОВИЧ

Мен  Коранавирус бойынша елдегі жағдайға байланысты және соңгы кезде кәсіпсіз қалуыма байланысты, өз кәсібімнің бағытын өзгерткім келеді. Ол ойым Жайық пен Каспий теңізінен балық аулау бағытында. Соған байланысты қандай көмек көрсету бағдарламасы бар? Госгрант болса, мені сол бағдарламаға қосуыңызды сұраймын. Аса құрметпен, Бакаев Роман, ИП Стандарт.

 

Құрметті, Роман!
 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Сіздің 2020 жылғы 23 наурыздағы сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.

«Даму» ЖЗҚ» АҚ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриялық шектеусіз қалаларда өз жобаларын іске асыратын бастаушы және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге келесі қаржылық қолдау шараларын ұсынуға мүмкіндігі:

  • Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау және Шымкенттен басқа қалалар мен моноқалалар үшін несиенің максималды мөлшері 6500 АЕК-ке дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6% -дан аспайды;
  • мақсатты сегмент - шағын бизнес.


Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін «Даму» ЖЗҚ »АҚ Атырау қаласындағы аймақтық өкілдігіне келесі мекен-жай бойынша хабарласуды ұсынамыз: Азаттық, 17, тел .: 8 (7122) 55-81-01, 55-80-91.

2020.05.15 МАНШУК

Саламатсыздар ма! Мен Кызылорда каласынын тургынымын. Мемлекеттік кызметкер ретінде пәтерге кезекте тұрмын. Медицина саласында қызмет атқарамын. Қазіргі таңда баспана жоктығынан, пәтер жалдап тұрамын. Сіздерге қояр сұрағым первоначальный взноссыз үй алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар ма? Себебі пәтер жалдап тұратыедықтан первоначальный взносқа салатын қаражатым жоқ, ал ол қаражатты депозит ашып ай сайын бөліп салып жинау үшін әлі де біраз уақыт пәтер жалдап тұруым керек болады. Болса ол үшін қандай құжатт ар тапсыру керек, қайда бару керек?

 

 

Құрметті Маншук!

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000  жылғы 7 желтоқсандағы № 110 Заңына (бұдан әрі – ТҚЖ туралы заң) сәйкес жүзеге асырады. Банктің негізгі міндеті –Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесіне халықтың басым бөлігінің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

ТҚЖ туралы заңға сәйкес, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі - осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымшылардың ақшасын тартуға, оларға Банк сыйақысын және мемлекеттің сыйлықақысын есептеуге және салымшыларға тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың тұйықталған жүйесі.

ТҚЖ туралы заңға сәйкес, Банк ұсынатын заемның негізгі түріне тұрғын үй заемы жатады.  

Тұрғын үй заемы Банк салымшысына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында жинақталған ақшаның ең аз қажетті мөлшерін жинақтау, бағалау көрсеткішіне жету және кейбір басқа шарттарды орындау талабында ұсынылады.

ТҚЖ туралы заңға сәйкес, жинақталған ақшаның ең аз қажетті мөлшері шарттық соманың елу пайызынан аз болмауы тиіс. Жинақтаудың дәл осы көлемі  (50%) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің теңгерімділігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, ТҚЖ туралы заңға сәйкес, Банк клиенттерге аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын береді.

Аралық тұрғын үй заемы шарттық сома мөлшерінде, яғни шарттық соманың 50%-ын мерзімінен бұрын жинақтау немесе енгізу шартында беріледі және әрі қарай жинақтаулар мен тұрғын үй заемы есебінен өтеледі.  

Шарттық соманың 50%-ын мерзімінен бұрын жинақтау/енгізу мүмкін болмаған жағдайда, Банк клиенттерге алдын ала тұрғын үй заемын пайдалануды ұсынады.  

Алдын ала тұрғын үй заемдары мемлекеттік бағдарламалар аясында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2019 жылғы №1054 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына (бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда) беріледі. Алдын ала заемдар Банктегі шотта заем сомасының 10%-нан кем емес мөлшерде бастапқы жарна бар болған кезде беріледі.

Банк тарапынан қазіргі таңда заемды алу үшін жинақталған ақшаның ең аз қажетті мөлшері бойынша талаптарды алып тастау тұрғысында өзгерістер енгізу болжанбайды, өйткені ол тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасының негізі болып табылады.  

Банк заемдарды беруді Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.  

Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы " ИҰ" АҚ ("ҚИК" АҚ) білім және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді келесі шарттармен сатады:

- сатып алу құқығымен жалдау мерзімі - 20 жылға дейін

- мөлшерлеме - жылдық 3,1%

- бастапқы жарна - жоқ

Бағдарламаға қатысуға үміткерлер тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады. "ҚИК" АҚ өз кезегінде төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады және жалдау шартын жасайды. Осыған орай, Сізге ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінуді ұсынамыз.

Анықтама: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында 1 шаршы метрдің құны – 1 455 теңге, ал қалған өңірлерде – 1 232 теңге. Табысы жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік берушіні тартуға болады, ал тұрғын үй жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін меншікке өтеді.

Сауабыңызға рахмет!