Жанке

Жанке Тимур Амантайұлы

Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Тимур Жанке 2019 жылғы мамырда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры болып сайланды және Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.

2014 жылдан 2019 жылға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

1999 жылдан 2014 жылға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының туризм департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ менеджері, «ҚазМұнайТеңіз» ҰК» ЖАҚ бас директорының көмекшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас менеджері, «ҚазМұнайГаз-Сервис Compass» ЖШС Бас директорының орынбасары, одан кейін бас директоры қызметтерін атқарды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Нидерландыда MSM Маастрихт менеджмент мектебін бітірген..