Жаксыбек Кулекеев

Жақсыбек Күлекеев

«Қазақ мұнай және газ институты» бас директорының кеңесшісі

Білімі: С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті.

Жақсыбек Қүлекеев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы (1997-1999), Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрі (1999-2002), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (2002-2003), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2005-2006) қызметтерін атқарды.

«Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар», «Жобалық талдауға кіріспе», «Нарыққа өту жағдайындағы жер қатынастары», «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық панорамасы», «Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері» кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі болды.

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының күміс медалімен марапатталған.