Томас Миров

Томас Миров

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

1953 жылы 6 қаңтарда туған.

1970 жылы Бонн университетін бітіріп, 1975 жылы «Бесінші республика кезеңіндегі Францияның Еуропадағы саясаты» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Rothschild&Cie (Франкфурт) Бақылау кеңесінің мүшесі, F. Laeisz (Гамбург) Акционерлер комитетінің мүшесі болып табылады.

Томас Миров Die Zeit-Stiftung Қамқоршылар кеңесінің, сондай-ақ Bucerius (Гамбург) заң факультетінің мүшесі және Deutsche Nationalstiftung (Веймар/Гамбург) Төрағасы болып табылады. Киль әлем экономикасы институты оны «ғылыми қызметкер» етіп тағайындады, және ол «Übersee-Club» (Гамбург) вице-президенті болып сайланды.

2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін - HSH Nordbank AG (Гамбург) Бақылау кеңесінің төрағасы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін – Лондонда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті.

2005 жылдан 2008 жылға дейін – қаржы нарықтарына, сондай-ақ еуропалық және халықаралық қатынастарға жауапты Германия Қаржы министрінің орынбасары. Бұған дейін Германияның Федеративті канцлері Герхард Шредер ведомствосының Экономика департаментін басқарды.

2004 жылы - Нидерландының бұрынғы Премьер-Министрі Вим Коктің төрағалығымен Лиссабон Даму стратегиясы бойынша Еуропалық Одақтың жоғары деңгейдегі тобының мүшесі.

1991 жылдан 2001 жылға дейін - Гамбургте (сенатор) қалалардың дамуына жауап беретін мемлекеттік министр қызметін атқарды, содан кейін-экономика бойынша, жария компаниялардың бірнеше Бақылау Кеңестерін (HHLA, Hamburg Airport, Hamburg Fair) басқарды.

2019 жылғы 21 қарашада Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 870 бұйрығы) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы - Германия Федеративтік Республикасы