Т.Сулейменов

Сүлейменов Тимур Мұратұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1978 жылы 5 сәуірде туған. 

Павлодар мемлекеттік университетінің, «Болашақ» бағдарламасы бойынша (АҚШ) Мэриленд университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша, Менеджмент, «қаржы» саласындағы бизнес магистр, Ұлыбританиядағы бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясында сертификатталған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары және ЕҚҚДБ Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (Министр).

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 1 наурызына дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2019 жылдың 1 наурызынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 22 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы 22 шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 

2019 жылдың 2 сәуірінен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 186 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Қазақстан Республикасының азаматы.