Сон

Сон Вячеслав Владимирович

Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Вячеслав Сон 2017 жылдың қаңтарында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Құқықтық қамтамасыз ету, оның ішінде Холдингтің заң шығару жұмысы мәселелеріне жетекшілік етеді. Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

 

Еңбек жолын В. Сон 2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚДБ» АҚ еншілес ұйымы) Заң департаментінің бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері қызметінен бастады. 2004-2009 жылдар аралығында «ҚДБ» АҚ-ның бас заңгері, құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, директор орынбасарының м.а., Заң департаментінің директоры, 2005-2006 жылдар аралығында «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның («ҚДБ»АҚ-ның еншілес компаниясы) Заң басқармасының бастығы қызметін атқарды.

 

2009-2012 жылдары «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді, онда әкімшілік-құқықтық қызмет және инвестициялық жобаларды дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.   

 

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазспецэкспорт» РМК аппарат басшысы, бас директорының орынбасары қызметін атқарды

 

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Мәскеу қаласындағы қазіргі гуманитарлық университетін және MBA бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес университетін бітірген.