Смаилов Алихан Асханович

Смаилов Әлихан Асханұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1972 жылы туған.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілген.

Еңбек жолын "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорынынан бастаған. Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет етті.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Статиститка агенттігінің төрағасы.

2003-2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі.

2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

 2007-2008 жылдары - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі» АҚ президенті.

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
 

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.

2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2018 жылдың 18 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2018 жылдың 16 қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің № 717 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2019 жылдың 25 ақпанынан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

2019 жылдың 28 ақпанынан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 103 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.