Roman Sklyar

Скляр Роман Васильевич

Директорлар кеңесінің мүшесі

1971 жылы туған. 

Павлодар мемлекеттік университетін "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институтын "экономист" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы болып бастаған.

1990 жылдан 2008 жылға дейін - Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы, Астана қаласы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008 жылдан 2011 жылға дейін - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011 жылдан 2016 жылға дейін - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жылдар аралығында - «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі.

2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың 28 ақпанынан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 103 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.