Шамшин

Шамшин Арман Нұржанұлы

Адами ресурстарды дамыту жөніндегі басқарушы директор

Арман Шамшин 2018 жылдың қазан айында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Холдинг басқармасының қызметі, адам ресурстарын басқару және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етеді.

Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ»АҚ еншілес ұйымы) директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Еңбек жолын 2011 жылы «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС-де бастаған.

2014-2016 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, ведомство қайта құрылғаннан кейін ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Хатшылыққа басшылық етті, сондай-ақ Холдинг Басқармасы Төрағасының кеңесшісі болды.

 

Пекин университетін және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қытай, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.