Ускенбаев

Өскенбаев Қайырбек

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі

Білімі: КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, Ақмола аграрлық университет, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясы.

Қайырбек Өскенбаев Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы (1998-1999), «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (1999-2004), ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы  (2004-2006), ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы (2006-2007), Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі (2007-2011), ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі (2014-2016), ҚР ұлттық экономика вице-министрі (2014-2016), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры (2016-2018), ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі (2018-2019) қызметтерін атқарған.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.