Омаров

Омаров Марат Талғатұлы

Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Марат Омаров «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып сайланды және 2019 жылғы мамырда директорлар Кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Стратегия, активтерді басқару, талдау және зерттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).

2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін ҚР Экономикалық даму және сауда Министрінің кеңесшісі (кейіннен – экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика), ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Британдық Университетін және Лондондық Экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірген.