Омарходжаев А.С.

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы

Басқарма Төрағасының орынбасар

Әнуар Омарқожаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде 2016 жылдың қазан айында Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды. Инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу, құқықтық қамтамасыз ету және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқаруда 16 жыл жұмыс өтілі бар.

 

2007-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – хаттамалық қызметінің басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі-ҚР Премьер-Министрінің Хаттама басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хаттамашылығының меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

 

2002 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі аралықта ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің атташесі, Қазақстан Республикасының ГФР Елшілігінің үшінші хатшысы, ҚР Президенті Хаттамасының бас инспекторы ретінде еңбек етті.

 

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Бремен институтын (Германия) тәмамдады.