Нургожин

Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы

Цифрландыру және инновациялар жөніндегі басқарушы директор

Әділ Нұрғожин 2018 жылдың қыркүйегінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне жетекшілік етеді. Жалғыз акционердің шешімімен «QazTech Ventures» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

 

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «ГРАТА» заң фирмасының кіші заңгері болып бастаған.

 

2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

 

2007-2009 жылдары «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ маркетинг және жарнама департаменттерін, одан кейін Стратегиялық даму департаменттерін басқарды.

 

2009-2012 жылдары тау-кен және химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар департаментінің директоры, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Басқарушы директоры болған.

 

2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «VTB Capital I2BF» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.

 

Қазақ ұлттық университетін, Монтана университетін (АҚШ), Ланчжоу университетін (ҚХР) бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі, бизнес-әкімшілік магистрі. Ағылшын, түрік, қытай тілдерін еркін меңгерген.