Askar Mamin

Мамин Асқар Ұзакбайұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

1965 жылы туған.

 

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастаған.

1996-2008 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі.

2008 жылдан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті. 2016 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ» Директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың 9 қыркүйегінен Бақытжан Сағынтаевтің үкіметінде  Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары

2019 жылдың 25 ақпанынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің №847 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі болып тағайындалды.


2019 жылдың 28 ақпанынан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 103 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.