Ляззат Ибрагимова

Ләззат Ибрагимова

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Білімі: Ақмола ауылшаруашылық институты; Еуразия гуманитарлық институты.

 

Ләззат Ибрагимова Л. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді (1995-2007), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сараптама және дамыту стратегиясы, оқыту және консалтинг, корпоративтік дамыту департаменттерінде директор болып қызмет еткен (2004-2009), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттары мен даму институттарын басқару дирекциясының арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері (2009), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2009-2011), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (2009-2016), «Холдинг Кәсіпқор» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры (2011-2016), «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы (2016-2017), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2016-2017), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2016-2017), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы (2017 жылдан бастап) қзметтерін атқарған.

«Құрмет» орденімен (2016) марапатталған, экономика ғылымдарының кандидаты.