Клаус Мангольд

Клаус Мангольд

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

1943 жылы 6 маусымда туған.

Профессор доктор Клаус Мангольд Мюнхен, Женева, Париж, Лондон, Майнц және Гейдельберг университеттерінде құқық пен экономиканы зерделеді.

1995 жылдан 2003 жылға дейін - Daimler AG концернінің басқарма мүшесі, Daimler Services AG Басқарма Төрағасы.

2000 жылдан 2010 жылға дейін - Шығыс Еуропа экономикалық қатынастар комитетінің төрағасы.

2011 жылдан бастап - Германия TUI AG Бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Германияда де, шетелде де, соның ішінде Continental AG (Ганновер), Alstom AG (Париж) Бақылау кеңесінің мүшесі.

Клаус Мангольд Rothschild GmbH, Франкфурт, Германия Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

2003 жылы Клаус Мангольд Штутгартта Mangold Consulting GmbH компаниясын құрды.

2015 жылдан - Баден-Вюртембергтегі Ресей Федерациясының құрметті консулы. Сондай-ақ, Құрметті легионның (Франция) командирі, Фрайбург университетінің құрметті сенаторы, Германияның ең беделді университеттерінің бірі.

2019 жылғы 21 қарашада Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 870 бұйрығы) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы - Германия Федеративтік Республикасы