Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

Қасымбек Жеңіс Махмудұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1975 жылы дүниеге келген.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ.)  «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастады. 

1998 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі және порттар бөлімінің бастығы, Тарифтік саясат және үйлестіру департаментінің Тарифтік саясат бөлімінің бастығы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2016 жылдың маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары. 

2019 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдың «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 103 бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.