Даленов

Дәленов Руслан Ерболатұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1975 жылы туған.

Мармара университетін (Түркия) экономист мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маман қызметінен бастаған.

2003 жылы – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің талдау және жоспарлау басқармасының жетекшісі. 

2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін – ҚР Қаржы министрлігінің кірістерді талдау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары – Қаржы вице-министрі.

2017 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің № 855  Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2019 жылдың 28 ақпанынан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 103 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.