Атамкулов

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1964 жылы 19 мамырда туған

 

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша және Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген.

 

2008 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майндегі (ГФР) Бас консулы, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012 жылғы қазаннан 2014 жылғы 6 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы 13 тамыздан 2015 жылғы 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылғы 8 тамыздан 2016 жылғы қазанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылғы 7 қазаннан 2018 жылғы 26 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 жылғы 26 желтоқсаннан 2019 жылғы 18 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2019 жылғы 19 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 

2019 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қ. Өскенбаевтың № 727 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы туралы» бұйрығымен ол Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.