Акрачкова

Акрачкова Дина Викторовна

Аппарат жетекшісі

Дина Акрачкова «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ аппаратының басшысы болып тағайындалды. Холдингтің тиімді жұмыс істеуі, сатып алу рәсімдерін жүргізу, компанияның құжат айналымын ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік және жеке секторларда 25 жылдық жұмыс өтілі бар.

 

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Ұлттық Банкі Ақмола облыстық басқармасының заң кеңесшісі болып бастады.

 

Кейіннен, 1995 жылдан бастап 2016 жылға дейін облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарда әртүрлі маңызды және басшылық қызметтерді атқарды: Ақмола облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат комитеті; ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі; ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;; ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару істері комитеті.

 

«Тариф консалтинг» ЖШС, «Юридическая фирма «Astana TRUST» ЖШС, «Mabco Constructions S.A.» секілді жеке құрылымдарда заңдық жұмыс тәжірибесі бар.

 

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң академиясын (Алматы) бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», «20 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.