Жалдамалы жылжымайтын мүлікті басқару тәжірибесі

25.09.2018

222

Алматыда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Қазақстанның БҰҰДБ-мен бірлесе, Еуропалық экономикалық комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Елді мекендер жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат), Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы бастамасымен (IWO), сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ұйымдастырған «Орталық Азия елдеріндегі тұрғын үйді басқару, ұстау және жаңғырту» халықаралық конференциясы болып өтті. Конференцияға 10 шет елдерден, Ресей, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Латвия, Молдавия және Германиядан халықаралық сарапшылар қоса қатысты.

Конференцияда тұрғын үйді кәсіби басқару, тұрғын үй қорын жаңғырту, «тиімді меншік иеленушіні» тәрбиелеу, сондай-ақ жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Басқарма Төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин ұсынған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясындағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынған жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы Қазақстанның тәжірибесі болды.

А. Акчурин жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы компанияның қызметі туралы, үйлерді басқару нысандарын жетілдіру және тұрғындармен, жергілікті атқарушы органдармен және коммуналдық қызметтермен қарым-қатынастарды дамыту бойынша жүргізілетін шаралар туралы айтып берді. Тұрғындарды тұрғын үй нысандарын басқару үдерісіне тарту, жалға алушылармен кері байланыс орнату және жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару тиімділігін арттыру факторлары ретінде үйлерге қызмет көрсету мен басқару үдерісін автоматтандыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясының жалға берілетін тұрғын үйді басқару және қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша жоспары осы жылдың соңына дейін «Электронды ПИК» электронды порталын енгізу арқылы ұсынылды. Бұл портал компания, қызмет көрсету ұйымдары мен тұрғындар арасында ақпараттық ағымдарды құруға, бизнес үдерістерді, соның ішінде интернеттегі өтініштерді, шағымдарды, ұсыныстарды, төлемдерді қабылдау/өткізу үдерісін оңтайландыруға және жеңілдетуге, тұрғындарды онлайн жиналыстар мен дауыс берулерге қатысуға тартуға, сондай-ақ қажетті ақпараттарды беруге және есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.