«Нұр Отан» партиясының съезі: әлеуметтік дамудың жаңа кезеңі

28.02.2019

«Нұр Отан» партиясының съезі: әлеуметтік дамудың жаңа кезеңі

Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Мемлекет басшысы өз баяндамасында тұрғындарға ауқымды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша кезекті шараларға тоқталды. Бұл бағытта басты қадамдардың бірі – бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына берілетін жәрдемақы көлемін көбейту, сонымен қатар азаматтардың осал тобы үшін қолжетімді баспанамен қамту  бойынша қосымша тетіктер енгізу сұрақтары бар.  

- Біздің басымдық беріп отырған бағытымыз – азаматтардың лайықты өмір сапасын қамтамасыз ету және Қазақстанды әлеуметтік тұрғыда дамыған мемлекет ету. Тіпті қиын қыстау уақыттарда да біз өзіміздің әлеуметтік міндеттерімізді  орындадық. Елде әлеуметтік шығын деңгейі қашанда жоғары болды және алдағы уақытта ол сатылап өсе береді. Әртүрлі бағдарламалар, жобалар мен бастамалар аясында біздің тарапымыздан ауқымды әлеуметтік инвестициялар жүзеге асырылып келеді. Біз даму үшін шығынды азайтпауымыз керек және көмекке мұқтаждарға қолдау танытуымыз қажет. Ағымдағы жылы әлеуметтік салаға республикалық бюджет шығынының 45%-ы бағытталды. Алайда әлеуметтік блокта бірқатар үйлеспеушілік пен мәселелі тұстар анықталды. Осы ретте мен біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан  қаражат бөлу туралы шешім шығардым, - деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев.  

Атап айтар болсақ, мемлекет басшысы тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарын ширату мәселесіне айрықша назар аударды. Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар ішінде аз қамтылғандар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл мақсатта алдағы 7 жылда жыл сайын 50 млрд. теңге қосымша бөлініп отырады. 

Сонымен қатар кірісі төмен көпбалалы отбасылар мен толық емес жанұяларға, мүгедек балалары бар отбасыларға баспана алу қолжетімділігі жоғарылайды. Азаматтардың бұл санатына тұрғын-үй жинақтау жүйесі арқылы жылына 2-3%-бен қарызға тұрғын-үймен қамту бойынша жеңілдетілген мехнизм құрылады.  Осы бағытта «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы– «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіне» жыл сайын 50 млрд.теңгеден бөліп отыру жүктелді. 

Форумда мемлекеттік органдарға білім, денсаулық, инфрақұрылым, көлік, аймақтық саясат және «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын қабылдау жөнінде нақты тапсырмалдар жүктелді.