Moody’s «Бәйтерек» холдингінің рейтингтері бойынша болжамын қайта қарады

27.08.2019

лого

2019 жылдың 27 тамызында Moody ' s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжамын «тұрақты» деген көрсеткіштен «позитивті» деп бағалап қайта қарады.

 

Аталған қайта қарау «Қазақстан Республикасының несиелік бейінін жақсарту салдары, еліміздің егемендік рейтингі аясында «тұрақты»-дан «позитивті»-ге болжауды жақсарту» болып табылады.

 

Moody's Investors Service - несиелік рейтингтерді тағайындаумен, тәуекелдерді зерттеумен және талдаумен айналысатын халықаралық рейтингтік агенттік. Moody's Standard & Poor's және Fitch Ratings-пен қатар халықаралық рейтинг агенттіктерінің «үлкен үштігіне» кіреді.