Мөлдірлік үшін берілген марапат

20.02.2019

Мөлдірлік үшін берілген марапат

KASE Қазақстандық қор биржасы «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы – Қазақстанның Даму банкін – «Мөлдірлікке ұмтылысы үшін» дипломымен марапаттады.

Марапаттау 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткен биржалар мен листингтік компаниялардың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанның қор нарығы тақырыбында жазылған үздік материалдары үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсету салтанатты жиыны барысында өтті.   

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ листингтік талаптарға қосымша ретінде ақпаратты ашу мөлшері бойынша KASE-тің пікірінше көшбасшы деп танылды. Бұған қоса, ҚДБ Жылдық есебі мазмұны бойынша ең үздік есептер тізіміне енді.