ҚР Үкіметінде «Бәйтерек» ҰБХ дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған жоспары қаралды

20.09.2018

123

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында «Әскери ипотека» өнімін енгізу, «KazakhExport» ЭСК қызметін жандандыру және т.б. қатысты жаңа мәселелерді ескере отырып, «Бәйтерек» ҰБХ дамытудың 2017–2021 жж. арналған жоспары қаралды.

Директорлар кеңесі «Бәйтерек» ҰБХ инвестициялық саясатының жаңа редакциясын бекітті. Оған сәйкес, холдингтің және еншілес ұйымдардың инвестициялық қызметі, оның ішінде мемлекеттік даму бағдарламаларына сәйкес, жоғары әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларға арналған қолдау шараларын басымдандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының тұжырымдамасын қарап, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төртінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың үшінші шығарылымының шарттарын анықтады.

 

primeminister.kz