ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау

29.11.2019

1 dec

Құрметті қазақстандықтар!

 

1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. 1991 жылғы қыстың бірінші күні Тұңғыш Президент сайлауы өтті. 20 жылдан кейін бұл күн 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып жарияланды. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.

 

«Бәйтерек» холдингі ұжымы еліміздің барлық тұрғындарын айтулы күнмен құттықтайды және әрбір қазақстандық отбасына бақыт, денсаулық және амандық тілейді!