ҚДБ несиелік қоржыны алты жыл ішінде 4,5 есеге өсті

11.04.2019

1

«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) несиелік қоржыны 2018 жылы 1,7 трлн теңгеге жетіп, 8,7% ұлғайды. ҚДБ несиелік қоржынының құрылымында шамамен 77% өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға тиесілі. Жалпы алғанда 2014 – 2018 жылдар аралығындағы кезеңде ҚДБ несиелік қоржынының көлемі 4,5 есе өсті. Ол жайлы банктің алдыңғы қатарлы БАҚ журналистері үшін арнайы ұйымдастырған баспасөз мәжілісіндемәліделді.

Банк активтеріндегі несиелік қоржынның үлесі алдыңғы жылдың соңындағы 61%-дан 2018 жылдың соңында 67%-ға дейін артты. Банк есепті жыл аралығында 2017 жылғы 422 млрд теңге сомасындағы 31 жобамен салыстырғанда 2018 жылы 443 млрд теңге сомасындағы барлығы 30 жобаны қаржыландырды. Бұдан басқа, өткен жыл ішінде Банк энергетика, металлургия, көлік және логистика, телекоммуникация сияқты өнеркәсіп салаларында 225 млрд теңгені құрайтын 9 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы ферросилиций өндіру зауыты мен Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт «Жылға» күн электр станциясын салу, Павлодар облысындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ энергетикалық активтерін жаңғырту (17% Қазақстанда электр энергиясын өндіру және 20% көмір өндіру), Батыс Қазақстан облысындағы (БҚО) «Конденсат» АҚ базасында К-5 экологиялық сыныпты дизель отыны қондырғысын іске қосу сияқты жобалар туралы сөз қозғалып отыр.

Өткен жылдың сәуір айында ҚДБ 100 млрд теңге сомасындағы теңгеге деноминацияланған еурооблигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. 2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылған теңгелік еуробондтардың алдыңғы шығарылымымен салыстырғанда, Банк қарыздану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға және купон мөлшерлемесін жылдық 9,5%-дан 8,95%-ға дейін төмендетуге қол жеткізді. Тұтастай алғанда, ҚДБ өткен жылы әртүрлі көздерден тартқан 291 млрд теңге қорландыру көлеміндегі бюджет қаражатының үлесі 16% құрады. Қалған көле нарық шарттарында қарыздануды қоса алғанда, бюджеттен тыс көздерден тұрды.

2018 жылғы желтоқсанда ҚДБ өз қызметінің тарихында алғаш рет «AAEngineering Group» ЖШС кепілдігін бере отырып, Қырғызстанның «Джеруй» аса ірі алтын кен орнынан алтын бөліп алатын фабриканың құрылысын жүргізуге 37,8 млн АҚШ долларына дейінгі сома бөліп, Қазақстан қызметтері экспортына қолдау көрсетті.

- 2018 жыл Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің орнықтылығына жүргізілген сынақтар кезеңі болды. Валюта бағамының құбылмалылығы, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ҚДБ-ға әріптес коммерциялық банктердегі ахуал, қаржылық есептіліктің IFRS 9 жаңа халықаралық стандартының енгізілуі – міне осы факторлардың бәрі Банктің тәуекел-менеджмент жүйесінің тиімділігіне жүргізілген сынақ болды. Соның қорытындысы: біз осындай күрделі жағдайларда өткен жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтауға қол жеткіздік», - деп атап өтті «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.

2018 жылдың қорытындылары бойынша Банктің шоғырландырылған таза пайдасы 3,2 млрд. теңгені құрады. Банктің кредиттік қоржынының сапасы жақсы деңгейде қалып отыр: жалпы кредит қоржынына провизиялар 4% аспады, 2018 жылдың аяғында жұмыс істемейтін қарыздар үлесі 0,5% құрады.

2018 жылы ҚДБ-ның қатысуымен қаржыландырылған 6 жоба іске қосылды, оның ішінде: Екібастұз қаласындағы темір жол доңғалақтарын шығару кешені, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығы, Ақмола облысындағы бройлерлер өсіру жөніндегі фабриканың бірінші кезегі, БҚО-дағы «Конденсат» АҚ базасында дизель отынын өндіру қондырғысы бар. ҚДБ 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторларының бірі ретінде өткен жылғы 31 желтоқсанына дейін 338,4 млрд теңге сомасындағы 20 ірі инвестициялық жобаны қаржыландырды. Қазіргі кезде жалпы сұратылатын қарыз сомасы 452,14 млрд теңгеге дейінгі, оның ішінде ИИДМБ шеңберінде 220,58 млрд теңгеге дейінгі 8 жоба ҚДБ қарастырыуында.