«Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің болып өтті

28.09.2018

photo

2018 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласында «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы болып өтті, оның мақсаты кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ испандық инвестицияларды отандық экономикаға тарту болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері, мемлекеттік сауда ұйымдарының және екі елдің ірі компанияларының басшылары қатысты.

Отырыс барысында Кеңеске қатысушылар Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы өз тәжірибелерімен және ойларымен бөлісті. Сонымен бірге Қазақстанның бизнесті қолдауға, инвестицияларды қорғауға және отандық және шетелдік компаниялардың тең жағдайларын қамтамасыз етуге арналған қаржы құралдарын жетілдіруге бағытталған саясатына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Іскерлік кеңесінің тең төрағасы,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов атап өткеніндей,  «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесі шеңберіндегі келіссөздерге 40-тан астам испандық және 60 қазақстандық компания қатысты.

– Біз серіктестеріміздің назарын Қазақстан қолайлы инвестициялық ортаны құру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша қабылдайтын шараларға аударамыз. Біз үшін басым бағыттар машина жасау және технологиялық трансферт, көлік және инфрақұрылым, энергетика және қоршаған орта, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі болып табылады», - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Өз кезегінде, Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ксиана Мендес Испания бизнесінің қазақстандық жобаларға үлкен қызығушылықтары бар екенін растады.

– Қазақстан нарығында көптен бері жұмыс істеп келе жатқан бірқатар испандық компаниялар бар. Біздің міндетіміз - Қазақстанға жаңа компаниялар тарту және сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен жобаларды, әсіресе мемлекеттік-жекеменшік әріптестігіне қатысты жобаларды жүзеге асыру маңызды, – деді К.Мендес.

Іскерлік кеңес барысында «Бәйтерек» холдингі екі меморандумға қол қойды. Біріншісі Испания Корольдігінің Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшылығымен жасалып, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау, іске асыру және бірлесіп инвестициялау саласындағы әлеуетті ынтымақтастыққа бағытталған. Екінші меморандум инфрақұрылым, телекоммуникация, туризм, аграрлық азық-түлік өнеркәсібі және «жасыл энергетика» салаларындағы экспорттық операциялар бойынша өзара әрекеттесуге бағытталған COFIDES дамытуды қаржыландыру жөніндегі Испания компаниясымен жасалды.

Сонымен қатар, форум шеңберінде «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы») және «Э-Жасыл» ЖШС Қазақстан аумағындағы қоқыс өңдейтін зауыттар құрылысы саласындағы испандық тараппен ынтымақтастыққа бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құны 150 млн еуроға жуық болатын тоғыз объект салынады деп болжануда.