«Қазақстан – Испания» Іскерлік кеңесі: фактілер мен цифрлар

29.09.2018

newss

«Бәйтерек» Холдингі ұйымдастырған «Қазақстан – Испания» Іскерлік Кеңесі бизнес саласында екі жақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа шабыт берді. Болып өткен диалогтың нақты нәтижелері қандай?

 

– Форумға 40-тан астам жетекші испаниялық және 60 қазақстандық компаниялар қатысты.

– Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың ішінде 20%-ға артып, 1 млрд 700 млн АҚШ долларын құрады – бұл бизнестің одан әрі дамуына үлкен алаң болып табылады.

– Қазақстан тарабы машина жасауда және технология трансфертінде, көлік және инфрақұрылым, энергетика мен қоршаған орта, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саларында бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынбақшы. Қазақстан өңдеуші сектордың тауарларын алға жылжыту жолымен өз экспортын Испанияға әртараптандыруға ниет білдіріп отыр.

– Испания мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі механизмдерінің көмегімен жүзеге асырылатын жобалармен негізгі үмітін байланыстырмақ.

– Испан текстилі, темір жол сервисі технологиялары, қорғаныс өнеркәсібінің арнайы жобалары Қазақстан нарығында өз орнын тапты, дегенмен мұнай-газ саласы испан бизнесі қызметінің негізгі саласы болып отыр.

– «Бәйтерек» холдингі Кеңесінің қорытындылары бойынша испаниялық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылды.

– «Бәйтерек» холдингінің және COFIDES инвестициялық компаниясының меморандумы телекоммуникация, туризм, аграрлық азық-түлік өнеркәсібі мен «жасыл» энергетика салаларындағы жобаларға бағытталып отыр.

– Kazakhstan Project Preparation Fund («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) мен «Э-Жасыл» ЖШС Қазақстанда жалпы құны 150 млн евро тұратын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша тоғыз зауыт салуды көздеп отыр.

– Еліміздің тоғыз аймағында келесі жылдың көктемінде қоқыс өңдеуші зауытының құрылысы бойынша финалдық келіссөздер басталады, алғашқы жобалар қатарында – Алматы, Шымкент, Ақтөбе, және Атырау қалаларындағы объектілер.

– Шетелдік компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау теңгемен жүргізілетін болады.