Инновациялық индустрия: гранттар және венчурлік капитал

03.10.2018

innovacii

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (ТДҰА) - «Бәйтерек» Холдингі Еншілес ұйымы Басқармасының Төрағасының орынбасары Өмиржан Ташимов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында еліміздегі венчурлік капитал мен инновациялық индустрияны дамыту беталысы туралы әңгімеледі. Осы материалдан маңызды фактілерді ұсынамыз.

1. ТДҰА бизнестің инновациялық белсенділігі бойынша гранттық қаржыландыруды жүзеге асырады. Оның мәні – озық шетелдік технологияларды енгізумен, нарықта отандық жаңа өнімдер мен қызметтерді ілгері жылжытумен, кәсіпорындарды технологиялық жаңартумен байланысты жобаларды арзан ақшамен қамтмасыз ету. Бүгінгі таңда гранттың тоғыз түрі бар.

2. Грант беру практикасына тәсілдеме өзгертілді – кезең бойынша қаржыландыру принципі гранттық қолдау және инновациялық жобалардың біртұтас жүйесіне ауысты.

3. Гранттардағы мемлекеттік қолдау көлемі жобаны коммерцияландырудың жалпы сомасына шаққанда 200 млн. теңгеге дейін жетеді. Егер бұл сома бұрын 5-10% шегінде болған болса, бүгін 50%-ды құрайды.

4. Жалпы 2011 - 2017 жылдар аралығында ТДҰА 12 млрд теңгеден жоғары сомаға 300-ден астам жобаға қолдау көрсетті. Соның ішінде – ең ірі әлемнің технологиялық компанияларына өнім жеткізіп отырған Алматы желдеткіш зауыты, сондай-ақ тауарларды көптеген континенттерге, тіпті Африкаға дейін тауарларды экспорттаумен айналысатын «Қайнар АКБ».

5. Саланы дамытуға нарықта кемінде үш жыл жұмыс істейтін кез келген істегі бизнес грантқа өтінішкер болуы мүмкін.

6. Грант беру жөніндегі шешім бірқатар маңызды сүзгілерден өтеді: сала мамандарының, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, жүзеге асырылатын жобалар және одан кейін оларды талдау және мониторингілеу орталықтарының қатысуымен жан-жақты сараптамадан және талдаудан өтеді.

7. Инновациялық гранттар қолдау көрсеткен компаниялардың салық төлемдерінің жалпы көлемі ТДҰА желісі бойынша көрсетілген мемлекеттік қаржылық қолдаудың бүкіл көлемінен біршама артық.

8. Венчурлік капитал саласы барлық заңнамалық кезеңдерден өтті. Келесі қадам – венчурлік қаражат айналымы үшін бизнес-орта құру. Бұл жердегі негізгі міндет ТДҰА компаниялардың жалпы тобынан венчурлік капитал нарығының әлеуетті клиенттерін белгілеу. Ол үшін грант алушы инвесторлардың кездесуге арналған технологиялық брокерлік оқиғаларды ұйымдастыру механизмі іске қосылған. Сонымен қатар, бизнес-инкубациялау деңгейінде жұмыстар жүргізілуде.

Сұхбаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.