Ғалымжан Тәжияқов: «Бәйтерек» Холдингі еліміздің қаржы секторын дамытуға қомақты үлес қосып отыр»

12.11.2018

1

Ұлттық валюта күні, сондай-ақ қаржыгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Казахстанская правда» газетіне берген эксклюзивтік сұхбатында осы ерекше маңызды күннің еліміздің тарихындағы алатын орны және «Бәйтерек» ұлттық басқарушылық холдингінің қаржы саласындағы жетістіктері туралы холдинг Басқармасы Төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов әңгімеледі.

 

Теңге – экономикалық егемендік

 

Ғалымжан Бисенғалиұлы, Сіз банк саласында және корпоративтік басқаруда жұмыс тәжірибеңіз бар ма, қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінің басшыларының бірі болып табыласыз. Қаржыгер ретінде кәсіби мереке нені білдіреді?

– 1993 жылғы 15 қарашада тәуелсіз Қазақстанның азаматтары ұлттық валюта – теңгені бірінші рет көре алды. Міне, осы жарты ширек ғасыр бойы Ұлттық валюта күні біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуында жаңа кезеңді білдіретін ерекше мейрам болып саналады. Осы күні 25 жыл ішінде қалыптасу және даму жолын жүріп өткен еліміздің барлық қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланады.

Ұлттық валютаны құру экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін Тәуелсіздігіміздің ең маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қырағылығы арқасында ұлттық валюта айналымға енгізіліп, қазіргі уақытқа дейін өзінің маңызды міндетін орындауды жалғастыруда.

Үшінші буындағы қаржыгер-банкир бола отырып, мен үшін 15 қараша ерекше күн болып табылады. Осы мерейтойлық күн қарсаңында мен барлық әріптестерімді осы мерекемен құттықтаймын, оларға табыс, береке-бірілік және жаңа кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспін.

 

«Бәйтерек» Холдингі Үкіметтің негізгі қаржы агенті болып табылады. Еліміздің қаржы секторын дамытуға Холдинг қандай үлес қосып отыр?

– Холдинг қызметі экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы тұрақты экономикалық дамытуға жәрдемдесуге бағытталған. Атап айтқанда, компания портфелінде банк мәртебесіне ие екі даму институты ұсынылған – «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ.

Қазақстанның даму банкі өңдеуші өнеркәсіпте ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландырады. ҚДБ-нің кредиттік портфелі 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша Холдингті құрған кезден бастап 4 еседен аса отырып, 1,6 трлн теңгені құрады. Холдингтің несие үлесі индустриалды саланы жиынтық ұзақ мерзімді несиелендіруде 47%-ды құрады. Яғни, индустриалды жобаларға ұзақ мерзімді несие беруде шамамен әрбір екінші теңге – Холдингтің қаражаты.

Сондай-ақ, ҚТҮҚЖБ тұрғындарға жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру жолымен ипотекалық нарықты дамытуды ынталандырады. Бүкіл қызмет еткен кезеңі ішінде банк 1 трлн теңгеден артық сомаға 160 тыс. қарыз берді. Сонымен, 2018 жылдың тоғыз айының қорытындылары бойынша ҚТҮҚЖБ қарыз беру сомасы 231 млрд теңгені, немесе еліміздің бүкіл ипотекалық несиелендірудің 63%-ын құрады. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұзақ мерзімді депозиттер бойынша екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылық орында – бүгінгі күні оның үлесі 28,5%-ды құрайды.

«Даму» КДҚ» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тәрізді Холдингтің еншілес ұйымдарының қаржы құралдары да еліміздің қаржы секторын дамытуға көмегін тигізетіндігін айта кеткім келеді.

 

«Даму» Қоры шағын және орта бизнесті қаржыландырумен, пайыздық мөлшерлемені қаражаттандырумен және кепілдендірумен айналысады. Қордың құралдары арқасында 200 млрд теңгеден артық сомаға ұзақ мерзімді несиелер берілді – бұл елімізде берілген несиелердің жалпы санына шаққанда 38%.

Қазақстандық ипотекалық компания «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы оператор болып белгіленді. ҚИК екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық қарыздар алу арқылы ипотекалық нарықты дамытуды ынталадырады. ҚИК қызметінің басынан бастап 2018 жылдың үшінші тоқсаны аралығында 221 млрд теңгеден артық сомаға 64 ипотекалық қарыз өтелді.

 

Сұхбаттың жалғасын мұнда оқыңыз