Әділ Нұрғожин «QazTech Ventures» АҚ немен айналысатынын айтты

26.04.2019

Адиль Нургожин

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин холдингтің трансформацияланған еншілес компаниясы – «QazTech Ventures» АҚ немен айналысатынын айтты.

 

«Нарықтағы адам ретінде мен гранттар - кәсіпкерлікті ынталандырудың тиімсіз құралы екенін түсінемін. Осылайша, ғылымды демеуге болады, бірақ коммерциализациялау туралы әңгіме болғанда, тірі коммерциялық қызығушылық пен инвестор қажет. Ол кәсіпкерлерді өз бетімен жұмыс істеуге, алға жылжуға ынталандыруы тиіс. Гранттар керісінше кәсіпкерлерді ынталандырады, себебі бұл тегін ақша. Шын мәнінде олар тек есеп береді, сонымен болды. Ал өнім ше? Нарық? Коммерцияландыру? Түсім ше? Мұның ешқайсысы жоқ және олардан ешкім мұны талап етпейді», - деді Әділ Нұрғожин «Atameken Business» телеарнасындағы «Эксклюзив» бағдарламасына берген сұхбатында.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «QazTech Ventures» гранттар берумен айналыспайды. Ол үш жаңа құралды енгізу бойынша атқарылған үлкен жұмысты атап өтті. Олардың бірі - қазіргі нарықтық ойыншыларды қолдау болып табылатын бизнес-акселераторлар мен инкубаторлар.

 

«Қолдау гранттық, бірақ бір оны стартаптарды дайындайтын жаттықтырушыларға, олардан сарапшыларды, треккерлерді және т.б. дайындап үйрететіндерге бағыттап отырмыз. Олардың қандай да бір операциялық шығындарын жабамыз. Біз операциялық қызметке араласпаймыз, біз өміршендңгң бар жаңа бизнес-модельді әзірлеуге мүмкіндік береміз. Осылайша, бұл жүйе тікелей мемлекеттік араласу және тікелей ақшасыз өз бетінше алға жылжи алатындай болуы тиіс», - деді Холдингтің Басқарушы директоры.

 

Екінші құрал  -венчурлік қорлар. Оның пікірінше, қазақстандық экожүйені озық экожүйелермен, Сингапур сияқты үлкен нарықтармен біріктіру және құру қажет.

 

«Осы округтегі экономика жылына 6-9% өседі. Сондықтан бұл жақсы және тірі экожүйе. Біздің міндетіміз – олармен өзара көпір құру, ал оларға бірлескен венчурлік қор қызмет ете алады», - деп атап өтті Әділ Нұрғожин.

 

Үшінші құрал – бұл өздерінде технологиялық жаңғыртуды жүргізгісі келетін компанияларға көмек көрсету,  яғни «технологиялар трансферті және технологиялық консалтинг» көмегі.

 

«Қазақстанда осы үш функцияның ешқайсысын ешкім атқармайды. Бұл мемлекетіміздің көшбасшы болуы тиіс сала», - деді ол.

 

Әділ Нұрғожин «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «QazTech Ventures» АҚ болғанға дейін күрделі институт болғанын айтып өтті.

 

«Барлық еншілес және әртүрлі портфельдік компанияларды қоса алғанда, онда 180 адам болды. Біз «Бәйтерек" Холдингінде оны тиімсіз деп санадық. Қызметкерлер саны 53 адамға дейін қысқарды. Бірақ біз  бұдан тек ілгері жылжып, дами түсетін нарықтық құралдары бар коммерциялық компанияларды сервистік модель бойынша тартып, жұмыс істеу арқылы тиімділікті арттыра аламыз», - деп қортындылады Әділ Нұрғожин.

 

Сұхбаттың толық нұсқасын осы сілтеме бойынша оқи аласыздар

 

Анықтама:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«QazTech Ventures» АҚ венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылды. QazTech Ventures «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді.